Бас тақырып

Астана мерейтойы – ақындарға арқау

Өткен жұма күні ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында «Жаңа ғасыр жастары» атты облыстық жас ақындар мүшайрасы өтті.

Қарағанды мемлекеттік тех­никалық университетінің 65 жылдығы, Әбілқас Сағынов оқуларының 10 жылдығы мерейтойларының қарсаңында ұйымдастырылған шараға аталған білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Шараның ашылу салтанатында колледж директоры Нұрбибі Смағұлова құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.
– Мұндай игі бастамалар қашанда жастар жігерін жанитыны белгілі. Сондықтан, ең алдымен байқаудың өз дәрежесінде өтуіне қолдау білдіріп отырған университет басшысы – Марат Ибатовқа айрықша алғысымды білдіргім келеді. Білімді де білікті жастардың биік белестерді бағындыра білуі жолында біз де барымызды салуға тырысамыз, – деді Нұрбибі Смағұлова.
Облысымыздың түк­пір-түк­пірінен келген 23 қатысушы бай­қауда бақ сынасып, еңселі Елордамызды жырға қосты.
Нәтижесінде, Бұқар жырау ауданының Байқадам орта мектебінен келген Данагүл Жекебай Бас жүлдені қанжығаласа, осы ауданның Әсемгүл Серікбол есімді 11 сынып оқушысы 1-орынды, Ж.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжінің 1 курс студенті Ілияс Бейспай 2-орынды, инновациялық технологиялар колледжінің 2 курс студенті Арайлым Каниева 3-ор­ынды иеленді.
Сондай-ақ, Бұқар жырау Қал­қаманұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұ­қағали Мақатаев, Әбілқас Сағынов атындағы бес арнайы жүлде де өз иелерін тапты. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып, грамоталар мен дипломдар табыс етілді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button