Бас тақырыпРесми

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған;

2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы;

2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры;

2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы;

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі лауазымында болды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап соңғы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Басқа материалдар

Back to top button