Асар абыроймен аяқталды

Қарағандылық құрылысшылар Түркістан облысының Арыс қаласындағы жөндеу және құрылыс жұмыстарын аяқтады. Біздің өңірден оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін тұрғын үйді қалпына келтіруге жиырмадан астам құрылыс фирмасы қатысты. 400-ге жуық маман демалыссыз жұмыс істеді.

Бір ай ішінде қарағандылықтар 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді.

  • Арыс қаласын снарядтардан тазарту жөніндегі негізгі іс-шаралар аяқталған соң, біздің бригадаларымыз қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Біз мұнда 28 маусымда келдік. Әр түрлі құрылымдар мен 25 мердігерлік ұйымдар тартылды. Әрбір бекітілген үй бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, – деді облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов.

Мердігерлердің айтуынша, Арыс тұрғындарының трагедиясы ешкімді бей-жай қалдырмады.

  • Әрине, біз шет қалмадық. Қираған үйлерді қалпына келтіруге көмектестік. 11 көпқабатты үйге жауапты болдық. Қажетті жөндеуден басқа, тұрғындардың өтініштерін орындадық. Арыс қаласындағы жөндеу кезінде 200-ге жуық адамды қабылдадық, – деді «Жилкомхоз 2030» ЖШС директорының орынбасары Талғат Қасымханов.

Мамандардың айтуынша, қарағандылықтарға үйлерді қысқа мерзімде қалпына келтіруге төтенше жағдайлар салдарын жоюдағы жұмыс тәжірибесі көмектесті. 2015 жылы облыста су тасқыны болып, мамандар тасқын зардабын жоюмен күрескен-ді.

Сонымен қатар, қарағандылықтар демеушілік қаражатқа тұрғын үй аймағында спорт алаңын жабдықтады. Көпқабатты үйлердің тұрғындары бұл сыйлыққа қуанып, алғыстарын білдірді. Жергілікті жерде техникалық қадағалау ұйымдары мен облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері де болды. Өңір басшылығы ұйымдастырған штаб жұмыс істеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.