Жаңалықтар

Асанәлі ӘШІМОВ: “Шығармашылық адамына еркіндік керек”

Асанәлі ӘШІМОВ, кино және театр актері, режиссер, профессор, Халық әртісі, КСРО, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазылар алқасының төрағасы:

“Шығармашылық адамына еркіндік керек. Оларды тежеп, жөн сілтеп отырудың өзі айып қой. Ақындарға еркіндік беру керек. Бірақ, ақындар соған орай, бейбастақ сөз айтпауы тиіс. «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дер» деген мақалды еске салғым келеді.  Кемшілік – бүкіл әлемге тән. Онсыз өмір болмайды. Сондықтан, оны айтудың жөні бар. Жағалатып отырып, мәдени тұрғыда сауатты жеткізу, астарлап айту бар. Ол ақындардың білімі мен мәдениетіне байланысты. Ал, енді жалпылама бет жыртып айтқаннан халыққа пайда жоқ. Халықтың қолтығына дым бүрікпей, жақсылық жағына үгіттеу керек”.

Басқа материалдар

Back to top button