Жаңалықтар

Қасақылыққа қарсы тұратын кім?

     Қарағанды қаласының абаттандырылуында айып жоқ. Жыл сайын бірер аула, біршама аллея, шағын саябақтарға бюджеттің қаржысы құйылып, қатарға қосылып қалады. Мәселен, соңғы жылдары осындай абаттандыруға миллиардтаған қаржы-қаражат бөлініп отырғаны өтірік емес. Айталық, былтырғы жылдың өзінде Қазыбек би ауданы бойынша «Өңірлерді дамыту – 2020» республикалық бағдарламасы арқылы аулалар, аллея жаңғырған-тын. Биыл да төрт аула, гүлзарлар аумағын абаттандыру көзделген. Мәселе – осы абаттандырылған алаңдардың уақыт өте келе, қараусыз-қадағалаусыз қалатындығында. Бұдан бұрын да жазғанбыз.

Айталық, Республика даңғылының бойындағы көсіліп жатқан алаң абаттандырылғанда елдің көз қуанышына айналған. Тіпті, сол алаңға баласын ойнатып, қызықтау үшін алғашқыда ат арытып өзге ықшамауданның тұрғындарды да ағылатын. Тәп-тәуір күзеті де бар еді. Қазір жыл өткен сайын алаң тозып барады. Сәкілер сынып, шамдар шағылып жатыр. Ит қыдыртуға қатаң тыйым салынған тақтIMG-20170614-WA0000алар да ілінген. Қазір бірі жоқ. Сондықтан болар, ит жетектегендер емін-еркін кіріп-шығады. Ал, ол жерде балалар ойнайтынын ескерсек, мұның қаншалықты бала денсаулығына қауіп екенін ішіміз сезеді. Бірақ, қадағалаушының кемдігінен иттің иелеріне «тек» дейтін пенде жоқ.

Республиканың бұл гүлзары дүркін-дүркін жөнделді. Бірінші №4 үйдің сыртындағы алаңға «түрен» тиген. «Жол картасы» бағдарламасының шарапаты арқылы шамы жанып, көгалы жайқалған-тын. Одан кейін осыдан екі жыл бұрын Конституция мен Кеншілер күнінде қалған бөліктері «түледі». Бұған, жаңылмасақ, жергілікті бюджеттен 430 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Көптің көңілінен шыққан. Бала-шағасымен мәре-сәре болатын жер қарая.

Алайда, қуанышымыз ұзаққа созылмайтын әдетіміз бар емес пе? Сол күлгеннен езуімізді жия алмай қалдық. Гүлзарлардың жыл өткен сайын «жүдеп» бара жатқанды­ғынан.

Сондықтан, гүлзарды көздің қарашығындай сақтау қажеттігі туындап тұр. Бұған себеп – өзіміздің мәдениетсіздігіміз. Сәкілерді отын қылып, шамдарын қиратып, иттерді көрінген жерге «дәрет сындыртып» жатқанда, мәдениет, әдеп туралы бірдеңе деудің өзі – қисынсыз екен.

Десек те, бюджеттің қаржысы құмға құйған сумен тең болмас үшін қандай да бір қарекет керек. Біз көп дүние сұрамаймыз. Сұрарымыз – біреу ғана. Дәлірек айтқанда, полиция бекеті. Халықтың игілігін ысырап қылмас үшін. Қасқайып полиция тұрса, қасақылар да азаятын шығар деген үміт қой баяғы…

Қызғалдақ Айтжанова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button