Қаржылық есептіліктерді депозитарийге ұсыну

Мемлекет басшысының әр жылдардағы Жолдауларында еліміздің даму бағыттары айқындалып, оның экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру барысында қыруар шаралар атқарылуда. Кәсіпкерліктің мәдениетін қалыптастыру және кәсіпорындардың бәсекелестігін жоғарылату мақсатындағы бағыттар бойынша мемлекеттік ұйымдардың қызметтері бәсекелі ортаға жіберілуде. Аталған шараларға сәйкес, Қазақстан Республикасының  28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы» Заңының 19 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» 23.12.2008 ж. №1228 Қаулысы негізінде, жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылған.

Қаржылық есептілік депозитариі – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.

Жария мүдделi ұйымдар (әрі қарай ЖМҰ) – қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011ж. № 1173 Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру туралы»Қағидасының 4 тармағына сәйкес, жария мүдделi ұйымдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың  31 тамызынан кешіктірмей депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалған жылдық қаржылық есептілікті өткізуі тиіс. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады. Қазақстан Республикасының  заңнамаларымен аудит міндетті болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептіліктері аудит қорытындысымен нақтылануы қажет.

Қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тартқаны немесе белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсынғаны не оны дәлелді себепсіз ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 239 бабына сәйкес жауапкершілік қаралған. Осы тәрізді аталған Кодекстің 250 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру бойынша да қаралғанын жеткіземіз.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.