Жаңалықтар

Қарызы бар адамдарға несие берілмеуі мүмкін

Қазақстанда 5 миллион адамның мойынында несие бар. Халықтың тұтынушылық несиелер бойынша жалпы қарызы 4 триллион теңгеден асып кеткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есімі осылай дейді. 

Бүгінде азаматтарға шағын несие ұсынатын ұйымдар көп. Тіпті, алысқа бармай-ақ, несиені онлайнда рәсімдеп алуға мүмкіндік беретін мекемелер де бар. Ондай шағын несие беру ұйымдарының пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары. Яғни, бір мәрте қарыз алған адамның несие шырмауынан құтылып шығуы қиын.  ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бүгінде елімізде арнайы заң жобасы аясында жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр.

 “Біріншіден, қарызды қайтару мерзімі өтіп кеткен азаматтарға кредит берілмейді. Мәселен, кредит алған адамның ақшаны қайтару мерзімі 60 күннен асып кетсе, оған қосымша кредит рәсімделмейді. Өйткені кейбір адамдар бірінші кредитті жабу үшін тағы кредит алып жатады. Екіншіден, кредит сомасының шекті мөлшері болады. Қарыздың сомасын арттыруға мүмкіндік берілмейді. Әйтпесе, артынан ондай кредитті өтеу қиынға түседі”, – деді Олег Смоляков қаржы нарығы мен микроқаржыландыру қызметін реттеу бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында.

 ҚР Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде   әрбір кредит алған адамның мойнында орташа есеппен 800 000 теңге бар. Ал кейбір микроқаржыландыру ұйымдарының несие мөлшерлемесі 1000 процентке дейін барады. Аталған ұйымдар кредиттік бюроға тиісті ақпаратты да бермейді. Соның салдарынан несиелендіру саласындағы қаржылық қауіп-қатерлерді зерделеп отыру қиын. Қаржылық есептің аудиті жүргізілмейді. Ал ондайда табысты жасырып, салықтан жалтаруға мүмкіндік бар. Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру қаупі де жоқ емес.

Дереккөз:  sputniknews.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button