Қаражал

Ару ғұмыр

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ АЯУЛЫ АНА МЕН СЫМБАТТЫ АРУҒА АРНАЛЫП ӨҢІРДЕ АЛҒАШ РЕТ ӨТКІЗІЛГЕН БАЙҚАУ ОСЫЛАЙ АТАЛДЫ. ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҮРЕГІНЕ ЖЫЛЫЛЫҚ ПЕН ҰЛЫЛЫҚ ҰЯЛАҒАН ӘЙЕЛ — ӨМІРДІҢ МӘНІ, ТІРШІЛІКТІҢ СӘНІ. ЕҢ БАСТЫСЫ «АНА» ДЕГЕН КИЕЛІ ҰҒЫМНЫҢ ИЕГЕРІ, СҰЛУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ. БҰЛ БАЙҚАУҒА ЖЕТПІСТЕН АСТАМ ӨТІНІМ ТҮСКЕНІН АЙТА КЕТКЕН АРТЫҚ БОЛМАС. СОНЫ САРАЛАҒАН ҚАЛА ӘКІМДІГІ ҚАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ- ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МӘДЕНИ- ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ЖИНАЛҒАН ЖҰРТШЫЛЫҚ АЛДЫНДА ЖАРИЯЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ.

Сегіз баланың аяулы анасы, он сегіз немеренің асыл әжесі, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегері, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Бейбіт Жа- набаева «Асыл Ана» атанды. Ардақты ана тәрбиелеген ұл-қыз қоғамда өз орнын тауып, ел дамуына үлесін қосуда. №30 орта мектеп директоры, озық әдістемесі республикаға танылған, есімі «Қазақстан мақта- нышы» энциклопедиясына енген, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, оқушылары халықаралық және республикалық деңгейде жүлдегер атанған ұлағатты ұстаз Гүлнәр Бақтыбаева «Білім нұры» аталымына лайық деп танылды.

Қоғамдық денсаулық қорғау комитеті аймақтық ұлттық сараптама орталығының зертханашысы Елена Магьямова – «Шипалы алақан», «Батыс Қаражал» шахтасының компрессор машинисі Әлия Смағұлова – «Өндіріс үздігі», қалалық полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Әйгерім Қартабаева – «Тыныштық сақшысы», халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Жұмабике Водзаковская – «Адал қызметші», ширек ғасыр кәсіпкерлікпен шұғылданған Қанат Серікбаева – «Бизнес-бике», самбодан ҚР спорт шебері, «Жәйрем болашағы» қоғамдық қорының төрағасы Мөлдір Сәтжанова – «Спорт саңлағы», қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы салық төлеушімен жұмыс бөлімінің басшысы Ботакөз Мақажанова — «Іскер әйел», «Ирина» сән студиясының шаштаразы Ирина Шамсутдинова – «Сұлулық шебері», Жәйрем кен-байыту комбинаты кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Гаухар Наурызбаева – «Жаңалық жаршысы», хореограф, «Дейлис» тобының жетекшісі Татьяна Новаковская – «Мәдениет жұлдызы», қаладағы қайырымдылық шарасының қақ ортасында жүретін «Орда» кафесінің меңгерушісі Эльмира Отыншина «Алтын жүректі жан» атанды.

Ән мен би салтанатты кештің сәнін келтірді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button