Артем – Азия чемпионы

    Непал елінің Катманду қаласында 17 жасқа дейінгі жастар мен қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар мен бойжеткендер арасындағы ауыр атлетика бойынша Азия чемпионаты өтті.

Айтулы жарыста 85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Артем Антропов 17 жасқа дейінгі жастар арасында қарсылас шыдатпай, чемпион атанды. Ал, 20 жасқа дейінгі жас­тардың ішінде де сәтті өнер көрсетіп, қолаға қол жеткізді.

Айта кетері, Артем өзіне берілген мүмкіндіктердің бәрін орайымен пайдаланған. Қос жаттығу қорытындысы бойынша 342 келіні бағындырған ол алдағы уақытта бұдан жоғары нәтижелер көрсететіндігіне сенім білдірді.

Нұрдос КӘРІМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.