Жаңалықтар

ҚарМТУ үздіктері анықталды

Астананың 20 жылдығына және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65 жылдығына орай, университет жастары ҚарМТУ аруын және жігіттің сұлтанын анықтады.
Жаңа дәуірдің жасампаз жас­тары еліміздің саяси және мәдени орталығына айналған Астана жайлы әндерді шырқады. Төрткүл дүние көз тіккен Елордамыздың мәртебесі мен мерейін асқақтатар тілектерін арнады.
Оған қоса, байқау «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні» ғашықтар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Іріктелген 8 жұп өздерінің білімдері мен таланттарын танытты. Жастар сахнада махаббат пен сүйіспеншілікке арналған қойылымдар ұс­ынды.
Жастар ұлттық киімде өнер көр­сетті. Жастардың бойында ұлт­­тық құндылықтарды дамыту мақ­сатын көздеген байқау жоғары дәрежеде өтті. Құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері бар қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың өнерін бағалады.
Еламан Жексенбаев – «ҚарМТУ сұлтаны – 2018» атанса, Әсел Омарова – «ҚарМТУ аруы – 2018» атағын жеңіп алды. Сондай­ақ, «Қарағанды аруы» байқауына жолдама алды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button