Жаңалықтар

Ардагерлердің жаңа санаттары қалыптасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Соған орай, Ауған соғысына, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, Чехословакиядағы және Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан азаматтар мен Ирактағы бітімгершілік операциясына қатысушылар басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің дербес санатына жатқызылды.Елімізде 11 мыңнан астам ауған соғысының ардагері бар екен. Олар бертінге дейін қоғамдағы әлеуметтік мәртебелерінің нақтыланбағанына шағымданатын. Яғни, жас кездерінде қанқұйлы соғысқа қатысып, неше түрлі нәубетті көрген азаматтар мемлекет тарапынан берілуі тиіс әлеуметтік жеңілдіктерге ілінбей қалды. Енді бұл кемістіктің орны толды. Ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынылады. Сондай-ақ, арнайы мемлекеттік жәрдемақы белгіленуі де мүмкін.

Бұл заңның негізгі мақсаты – ардагерлерді әлеуметтік қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді жүйелеу, қайта қарау және ардагерлердің жаңа санаттарын қалыптастыру. Оның басты құндылығы – осында.

Болат ЕРШҰМАНОВ,

еңбек ардагері.

Басқа материалдар

Back to top button