Жаңалықтар

Ардагерлерді құрметтеу – парасатты парызымыз!

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Осы Заң аясында қорғалатын 5 әлеуметтік санаттағы ардагерлерге – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Сонымен қатар, интернационалист-жауынгерлер мен Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларды, Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілген. 

Заңда 5 санатқа жататын ардагерлерге әлеуметтік қолдау шаралары толық көрсетілген.
Сондай-ақ, Заңның 19 бабында Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің міндеттері көрсетілген: жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары өз құқықтары және құзіреттері шегінде қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, тиісті бюджеттер есебінен әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды және емделуге жұмсалатын жолақы жеңілдіктерін (екі жаққа), сондай-ақ, осы Заңға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатын адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлері бойынша қосымша шараларды белгілейді.
Саран қаласы Аналар Кеңесі қолданысқа енгізілген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын бір ауыздан қолдайды. Өйткені, Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз!

Гүлжан ЖҮСІПБЕКОВА,

САРАН қаласы Аналар Кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button