Қаражалда –жаңа басшы

    Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Қаражал қаласына жаңа әкім тағайындады. Алдағы уақытта шағын шаһарды Тілектес ДОСАЕВ басқаратын болады.

Тілектес Темірбек­ұлы 1974-ші жылдың 30-шы қарашасында Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016-шы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры дипломын иеленген. 

Еңбек жолын 2000-шы жылы Совет ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының және Қарағанды облысы әкімі аппаратының абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау бө­лімдерінде бас маман қызметін а­т­қарған.

Тілектес Досаев жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қаражал қаласының бұ­рынғы әкіміне осы лауазымда 5 жылда жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімінің 

баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.