Жаңалықтар

Қарағандының бәсі жоғары

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарағанды облысындағы бөлшек сауда айналымының көлемі 305,6 млрд. теңгені құрады. Яғни, айналым көлемі өткен жылдың осы аралығындағы көрсеткіштен 4,5%-ға кеміген.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, бөлшек сауда көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 49,1%-ды, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 50,9%-ды құрады. 2015 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда, азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 9,1%-ға артса, азық-түлік емес тауарлардың айналымы 15,3 %-ға төмендеді.

Бөлшек сауданың негізгі көлемін базарларда сауда-саттықпен айналысатын және дара сауда қызметін іске асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етеді. Олардың тауар айналымы 204,9 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткішке қарағанда, 0,1%-ға артық.

Жалпы, тауар айналымының негізгі үлесі Қарағанды қаласына тиесілі. 234,6 млрд. теңге немесе облыстағы тауар айналымның 76,8%-ы. Ал, Теміртау мен Жезқазған қалаларында тауарлар 28,3 млрд. және 13 млрд.теңгеге сатылды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button