Қарағандылық теміржолшыларға қысқы киім берілді

Қарағанды облысында теміржол саласында еңбек ететін екі мыңнан астам жұмыскерге арнайы қысқы киімдер беріледі. 

«Қазақстан Темір жолы»  ұжымдық шартының талаптарына сәйкес теміржолшыларды арнайы қыстық киіммен қамтамасыз ету жыл сайын 1 қазанға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Әйтсе де, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы еңбек заңнамасын бұзып, өз қызметкерлерін қысқы киіммен толық қамтамасыз етпеген. Осы жайға назар аударған Қарағанды көлік прокуратурасының өкілдері қадағалау актісі бойынша барлық қызметкерге қысқы киім-кешектер берілуіне қолжеткізді.  Сонымен қатар, мекеменің  жауапты лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.