Жаңалықтар

Қарағандылықтарды тіл үйренуге тегін онлайн-курстарға шақырады

Қарағанды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тұрғындарға тіл үйрететін онлайн-курстарды ашуды жоспарлап отыр. Онда қарағандылықтарға қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйретпекші.

Курстардың ұзақтығы – 72 сағат. Сәуір айынан мамыр айына дейін ағылшын тілінен, ал, мамыр айынан маусым айына дейін қазақ тілінен дәрістер өткізіледі.

– Бұл курстар 18 жастан асқан ересектерге арналған. Ағылшын тілінің онлайн курсы 10 сәуірде басталады. Бір топта 12-15 адамнан. Курс аяқталғаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі, – дейді «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскері Ұлжан Бөрібаева.
Тіл үйрену курстары туралы толық ақпаратты 50-65-59, 8-702-448-98-68 нөмірлері бойынша білуге болады.

Басқа материалдар

Back to top button