Бас тақырыпРесми

Қарағандылықтарды қандай мәселелер толғандырады?

С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ғимаратында аймақ басшысының жыл сайынғыдай халық алдында есеп беру кездесуі өтуде. Бұл – Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ Қарағанды облысының әкімі ретіндегі тұрғындармен алғашқы есеп беру кездесуі. Селекторлық байланыс арқылы оған шалғайдағы қалалар мен аудандардың тұрғындары қатысуда.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысының есеп беру кездесуіне Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов қатысып отыр.
Бүгінгі менің есебім барлық деңгейдегі әкімдердің бір ай бойы өткен қорытынды кездесулерінің сериясын аяқтайды. Мен біздің облыстың өткен жылғы даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы айтып өтейін. Сіздердің сұрақтарыңызға көп уақыт бөлу үшін мен баяндамамды қысқаша түйіндеймін, – деді Жеңіс Қасымбек.
Өткен жылы облыста экономиканың барлық саласында өсім жалғасты, деп атап өтті аймақ басшысы. Инвестиция ағыны 800 млрд. теңгені құрады. 2020 жылға қарай билік өндіріс көлемін тағы 5,8%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл қазіргі жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құруға, өңірді одан әрі дамытуға негіз қалауға мүмкіндік береді.
Өз баяндамасын Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды толғандыратын сұрақтарға шолу жасаудан бастады.
Бес ай ішінде мен облыстың барлық аймақтарында болдым. Кездесулерде адамдар, негізінен, әр тұрғын үшін өзекті мәселелерді көтереді. Ең алдымен, бұл өмір сүру үшін лайықты жағдай жасау мәселелері – қолжетімді тұрғын үй, сапалы жолдар, сенімді коммуналдық инфрақұрылым, абаттандыру, жұмыс орындары мен лайықты жалақы, білім беру, медицина қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, жетім балаларды қолдау мәселелері. Тұрғындардың 80%-дан астамы қала құраушы ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылатын қалаларда тұратынын ескере отырып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселесі өткір болып тұр, деп атап өтті облыс әкімі.
Есептік кездесуден кейін Жеңіс Қасымбек азаматтарды жеке қабылдайды.
Кездесуге келе алмаған тұрғындар есеп беруді тікелей эфирде көре алады. Онлайн-трансляция облыс әкімдігінің сайтында, SARYARQA телеарнасында өтеді.

Басқа материалдар

Back to top button