Қарағандылықтар көмірден тапшылық көрмейді

Қарағанды облысында жылыту маусымында дүрлікпе болмауы үшін халықты көмірмен қамту мәселесін алдын ала ойластыру басталды. Облыстық әкімдікте көмір шығарушы кәсіпорындар, «Қазақстан темір жолы» өкілдері және көмір сатушылардың қатысуымен кездесу өтті. Қол жеткізілген шешімдер туралы аппараттық жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. 


— Жалпы облыс бойынша 2018-ші жылы көмір өндіру көлемі 38 млн тоннаға дейін барады деп жоспарлануда. Тұрғындарға арналған коммуналды-тұрмыстық көмірді түсіру ағымдағы жылы 1млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Барлығы облыста коммуналды-тұрмыстық көмірді түсіретін алты негізгі жеткізушілер бар. Ең көп сұранысқа ие шұбаркөл көмірі халық үшін биылғы жылы 13,4%-ға дейін ұлғайтылады, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстың қалалары мен аудандарына көмір жеткізудің бірыңғай кестесі құрылып жатыр. 
— Біздің негізгі міндетіміз аудан әкімдерімен бірігіп, маусым айынан бастап жылыту маусымына қажетті көмірді уақтылы жеткізудің жүйелі жұмысын бастау болып табылады, — деп атап өтті Алмас Айдаров.

Дереккөз:  karaganda-region.gov.kz 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.