Қарағандылықтар арзан көкөніспен қамтамасыз етіледі

Қарағандыда «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының аясында еліміздегі ең ірі көтерме-тарату орталығы салынып жатыр. Жаңа орталықта шаруалар өз өнімдерін делдалсыз сату мүмкіндіне ие болады. Ал, бұл — тауар бағасының арзандауына айтарлықтай ықпал етпек.

Нысанның аумағы — 60 гектар. Құрылыстың алғашқы кезеңінің құны — 10,5 млрд.теңге. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың мәлімдеуінше, мұнда қойма логистикасының және онлайн-операциялардың ең жаңа технологиялары қолданылған. Құрылстың алғашқы кезеңі жаз айында айқталып, пайдалануға беріледі.  

«Цифрлы Қазақстан» электронды алаңы фермерлер мен тұтынушыларға онлайнда сауда жүргізу мүмкіндігін береді. Алаңның ерекшелігі жабық павильондарға 164 дейін жүк көліктерін сыйдыра алатынында. Көтерме-тарату орталығының барлық ғимараттары желдетіліп, жылытылатын болады. Мұнда климаттық және құрғақ қоймалар, қойма терминалдары, түрлі температуралық режимдері бар камералар орнатылған. Бұған қоса, орталық аумағында кедендік аймақ пен қонақ үй кешені салынады.   
Инвестициялық жобаның арқасында Қарағандыда 500 жаңа жұмыс орны құрылады. Болашақта аталмыш көрсеткіш 5000-ға дейін ұлғайтылмақ.