Қарағандылық түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды

Бүгін қарғандылық түлектердің құрметіне  Тәуелсіздік алаңында салтанатты жиын өтті. Қала  әкімі Нұрлан Әубакіров түлектерді мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

Салтанатты шарада хореографиялық және вокалдық ансамбльдер өнер көрсетіп, жас мұғалімдер флешмоб ұйымдастырды. Ал, түлектер болса вальс билеп, кештің сәнін келтірді. Жиын барысында мектепті тәмамдаған жастар қала әкімі Нұрлан Әубакіровке «Түлектер тұғыры» кітабын сыйға тартты. Кітапта түлектердің болашақтарын қалай елестететіні туралы жазған эсселері жинақталған.

Биыл Қарағандыда 2097 жылы оқушы мектеппен қоштасады. Олардың арасында 54 оқушы «Алтын белгіге» үмітті. Сондай-ақ, 46 оқушы үздік аттестаттың, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпазы.