Бас тақырыпҚарағанды

Қарағандылық студенттер Елбасыға алғыс білдірді

Қарағанды жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіру флешмобын ұйымдастырды. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері елдегі тұрақтылық пен келісім, бейбіт өмір және жастарға жасалған қамқорлық үшін Елбасыға «Рахмет» айтты.

 «Елбасы, рахмет» флешмобы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусының алаңында өтті. Екі жүзге тарта студент «Рахмет!» деп ұрандап, «Елбасы» деген сөзді жазып шықты.

– Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің университетте білім алғанымен мақтанамыз. Елбасымызға Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына сіңірген зор еңбегі үшін және елдегі тұрақтылық пен келісім, ашық аспан, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар, өз елімізде және шетелде сапалы білім алуға жасалған мүмкіндіктер үшін алғыс айтамыз, – деді ҚарМТУ «Жас Орда» студенттік ұйымдар ассоциациясының төрағасы Рустам Бузяков.

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері Тұңғыш Президент құрметіне би флешмобын ұйымдастырды. Болашақ техникалық мамандық иелері Елбасыға Жастар жылы, жарқын болашақ және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламалар үшін алғыс білдірді.

Басқа материалдар

Back to top button