Жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер мультфильм құрастырды

Қарағандылық тәртіп сақшылары «Полицей болғым келеді» атты мультфильм жасап шығарды. Қысқа метражды туындыда полиция жұмысы туралы баяндалған. Мультфильм облыстық полиция департаменті басшылығының тапсырысы негізінде әзірленді.

Тәртіп сақшылары оны Қарағанды қаласы мектептерінің жанындағы демалыс-сауықтыру лагерьлерінде көрсетті.

Мультипликациялық картинаға Ішкі істер министрлігінің ардагері Нұрлан Телағысовтың өлеңдері енгізілген. Сюжет бойынша құмда ойнап отырған үш бала өтіп бара жатқан патрульдік машинаны көреді. Балалар бір-біріне полицияда жұмыс істейтін әкелері туралы мақтанышпен әңгімелейді. Осы кезде олардың жанына зейнеткер кісі келіп, балаларға нағыз заң қызметшісі қандай болуы керектігі және полицей болу үшін не істеу қажет екендігін айтады. Онда сондай-ақ, қазақстандық полиция қызметкерлерінің ерліктері – оқушыларды алып келе жатқан автобустың жүк көлігімен соқтығысып қалмауы үшін өз өмірін қиған жол полициясы инспекторы Қайрат Жұмабековтің және өртеніп жатқан пәтерден төрт баланы құтқарған учаскелік инспектор Дәурен Алтаевтың ерлігі суреттеледі.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында түсірілген мультфильмге сонымен қатар, қиын сәттерде рух беретін көріністер сәтімен енгізілген.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Back to top button