Жаңалықтар

Қарағандылық полицей Франциядан жүлделі оралды

Осакаров ауданының учаскелік инспекторы Бейімбет Қанжанов Франциядағы беделді турнирде бірінші орынды иеленді. Полиция капитаны титулды самбошы болып табылады. Жеңіс қоржынын ол енді “Париж Гран-при” алтын медалімен толықтырды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Халықаралық турнир Францияда 19-шы рет өтті. Жарысқа 32 клуб пен 12 елден 133 спортшы жиналып, өзара бақ сынасты. Бұл жарысқа 46 ер және 6 әйел, ал, спорттық самбоға 61 ер және 20 әйел қатысты.
Бейімбет Қанжанов 62 кг салмақ дәрежесінде үздік атанды. 
Спортшы полиция қызметкері 28 жаста. Бейімбет Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінде дүниеге келген. Самбо күресімен балалық шағынан бері айналысып келеді. Қазір ол ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі болып табылады. Жастар арасында самбодан Азия және әлем чемпионы (2011 ж.), Қазан қаласында өткен универсиаданың күміс жүлдегері (2013 ж.). Әлем біріншіліктерінің чемпионы және күміс жүлдегері, Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Чемпионды Қайдар Қанжанов пен Дәурен Адамбаев жаттықтырады. 

Басқа материалдар

Back to top button