Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар киіз үй құрастыруды үйренді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы киіз үй құрастыру бойынша тренингтер өткізуде. Оқушыларға арналған «Этноконструктор» ойыны халық мәдениетін, тарих пен рухани мұраны насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасы аясында әзірленген.

“Этноконструктор” ойынына №16 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Шараға келген балаларға  қазақ даласының тарихы туралы баяндалды. Оларды киіз үйдің негізгі құрылымдары және әбзелдерімен таныстырды. Сонан соң оқушылар мамандардың жетекшілігімен экологиялық таза материалдардан жасалған «киіз үй» этноконструкторын жинады. 

Киіз үй – қазақ халқының көпғасырлық атамұрасы, қастерлейтін жәдігерлерінің бірі, оның мңызы мен мәні қазіргі уақытқа дейін сақталған. Киіз үймен қазақтарды барлық өмірі байланысты болған. Шаңырақ отбасылық жәдігер болып саналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Киіз үй халқымыздың көшпенді өмірінің болмысын көрсетеді жәнеде оның қай жағынан қарасаң да ұтымдылығы басым. Суықтан да, ыстықтан да қорғай алатын жақсы қасиеттерге ие баспана болған. 

Басқа материалдар

Back to top button