Қарағанды

Қарағандылық өнерпаздар Болгариядан жеңіспен оралды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың таланты шектелмеген. Мұны IV-ші Халықаралық фестивальға Қарағанды қаласының атынан қатысқан 16 жерлесіміз дәлелдеді. 2018 жылдың 20 мен 22 шілдесі аралығында Болгария Республикасының Несебр қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған “Несебър без границ” фестивалі  өтті.

Қарағанды қаласы әкімдігі мен депуттаттық корпустың қаржылай демеушілік көрсетуінің арқасында жерлестеріміз аталмыш фестивальға қатысу мүмкіндігін иеленді.  «Үміт сәулесі» ҚБ мен «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан шет қалмай, шығармашылықтарын шыңдауына және белсенді өмір салтан ұстануларына барынша қолдау көрсетіп келеді. Осы бағытта түрлі жобалар жүзеге асырылуда. 

Атқарылған жұмыстар өз жемісін берді. Тек қаламыздың ғана емес, күллі Қазақстанның атынан фестивальге қатысып, өз өнерлерін ортаға салған жерлестеріміздің нәтижелерін көрсеткіміз келеді.

  1. “Эстрадалық вокал. Соло” номинациясы3 орын Биржан Абжанов .
  2. Мүгедек арбада би. Соло” номинациясы:

-1 орын –Айгуль Балмагамбетова.

-2 орын – Утарова Зухра.

  1. “Хореография” номинациясы

– «Үміт сәулесі» ҚБ SMAIL би ұжымы  1 орын. Ұжым құрамында М.Бекенова, Н.Омеркулов, Ю.Сирих, А.Тулегенова, Л.Кравченко.

  1. Ымдау әні. Соло” номинациясы:

– 1 орын – Вадим Григорьев.

– 2 орын – Сәмен Ернұр.

  1. Ымдау әні. Соло” Ансамбль” номинациясы:

– 1 орын “Стиль” ымдау әні ұжымы. Ұжымда Н.Дүйсен, Н.Қуанышбек, Л.Кабикенова, Е.Әубәкір, Е.Сәмен.

Қатысқандары үшін алғыс хат: Д.Кравченко мен Е.Чернякқа ұсынылды.

Осы фестивальды Қарағанды қаласының «Центр социальных услуг» ҚБ төрағасы Светлана Пономорева жүргізді.

Фестивальдың қатысушыларының айтуынша, екі күн әп сәтте өтіп кеткен, бірақ бұл күндер олардың жүрегінде жылу мен адамгершілік қатынасты қалдырды. Бұл адамның қуаттылығын, тәккаппарлығын, өмірсүйгіштігін, өз күшіне сенімділігін, туғандары мен жақындарының демеуін  тағы да бір дәлелдейді.

Барлық адамның өздерінің әлеуетін және оның дамуын растауға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл мереке тек қана мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріктіріп қана қоймай, олардың таланттары мен құлшыныстарын көрсетті.

Бүгін таң ертесімен «Сары-арқа» әуежайында “Несебър без границ” фестивалының жеңімпаздарын әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, достары мен туыстары, БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.  

Қазақстан Республикасы 2015 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ  Бас ассамблеясының Жалпы отырысында қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл мүгедектерге құқықтық қорғау дәрежесін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, толыққанды қатысу мен келісімді, қолжетімділікті, теңдікті бейнелейтін мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен тұрақты ұлттық жүйені қамтамасыз етеді.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button