Жаңалықтар

Қарағандылық кикбоксерлер жеңіске жетті

Итальяндық қала Риминиде ересектер мен жастар арасында кикбоксинг бойынша Әлем Кубогы өтті. Біріншілікке 35 елден жиалған 400-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасының құрамына екі қарағандылық енді: Михаил Татьков пен Руслан Степанов. Екеуі де сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызмет.


25 жасар Михаил Татьков, Жоғары спорт шеберлік мектебінің өкілі К-1 бөлімінде 81 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Спортшыны Александр Вакарев пен Геннадий Папу жаттықтырады. Кикбоксингпен ол 8 жыл шұғылданады. 
– Михаил осыған дейін де Әлем Кубогының ақтық сайысына шыққан, сондықтан биылғы жылы алдына бірінші орын иелену мақсатын қойған болатын. Татьков ол жетістігіне қол жеткізді, – деп атап өтті жеңімпаздың жаттықтырушысы Геннадий Папу.
19 жасар Руслан Степанов, жекпе-жек бойынша Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, К-1 бөлімінде 75 келі салмақ дәрежесі бойынша екінші орынды иеленді. Ол Геннадий Папудың жетекшілігімен жаттығады. Жекпе-жекпен 11 жыл шұғылданады. 
– Руслан халықаралық сайыстарға бірінші рет қатысып отыр. Оның алдына қойған мақсаты – үздіктер үштігіне түсу болатын. Жәнеде ол оны жақсы орындады, күміс медаль жеңіп алды. Бұл үлкен жетістік. Жігіттер жерге қаратпады, үмітімізді ақтады, – деді жаттықтырушы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button