Жаңалықтар

Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды

Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды.   

 Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі “5 нөмір + бонустық шар” ұтыс комбинациясына сәйкес келген. 

Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.  

“Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ” – деді бақытты жан.

30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады.

Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды. 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button