АймақБас тақырып

Қарағандылық диқандар ерекше технологияны қолдана бастады

Облыста егін шаруашылығын дамытуға қатысты мемлекеттік қолдаудың тиімді амалдары қолданылуда. Бүгінгі күні бидай өндіруді, азықтық дақылдарды өсіруді ынталандыра бастаған жаңа тәсіл өз жемісін бере бастады.

Көрнекі сурет

Жалпы, өткен жылы еліміз бойынша егін салатын ең ірі 9 шаруа қожалығы сандық жүйеге көшсе, соның екеуі Қарағанды облысында орналасқан.
Қанатқақты жоба аясында 1500 гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірген диқандар күзде бұрын-соңды болмаған мол өнім жинады. Бидайдың түсімі шамамен әр гектарына 50 центнерден айналды.
Бұл – ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың жемісі. Әуелі егістік алқаптың электронды картасы жасалады. Яғни, нақты көлемі мен топырақтың құнары анықталып, кейін барлық дерек спутник арқылы бидай себетін кешендерге жіберіледі. Тың әдіс жем-шөп өндірудің жаңа қырларын көрсетіп отыр.
Аймақ басшылығы мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен жем-шөп өндірісін қолға алуға ден қойып отыр. Осыған байланысты жаңа стратегия жасалып, мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары сәйкестендірілген.
Айта кетейік, биыл біздің өңірге қар қалың түсті, сондықтан, жерде ылғал жеткілікті. Бірақ, мол өнім алу үшін бұл аздық етеді. Мамандардың сөзінше, егін шаруашылығына цифрлы технологияны енгізгенде ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button