Бас тақырып

Қарағандылық дәрігерлерге пәтер беріледі

Биыл Қарағанды облысында дәрігерлерге 63 пәтер беріледі. Бұл туралы  Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова хабарлады. 

Дана Байкенованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда облыстағы ауруханалар мен емханаларда неонатологтар,  анестезиологтар, акушер-гинекологтар, сондай-ақ жалпы тәжірибе дәрігерлері тәрізді мамандар жетіспейді. Десек те,  Денсаулық сақтау басқармасының кадрларды жұмылдыру бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатқанын да айта кеткен жөн. Мәселен, өткен жылы облысқа 333 дәрігер келген. Олардың  ішінде 260 дәрігер – жас маман. 

Маман тапшылығын шешу бағытында Денсаулық сақтау басқармасы 2016 жылдан бастап дәрігерлерге баспана бере бастаған. Алғашқы жылы 4 пәтер табысталса 2017 жылы 26 пәтердің кілті өз иелеріне берілген. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Сонымен қатар,  2020 жылы Денсаудық сақтау басқармасы Қарағандыда, Теміртау, Жезқазған және Қарқаралыда 210 пәтер беруді жоспарлап отыр. 

Басқа материалдар

Back to top button