Жаңалықтар

Қарағандылық бойжеткен «Әлем аруы – 2018» байқауына қатысады

Қарағандылық ару Екатерина Дворецкая Қытайдың Хайнань қаласында өтетін «Әлем аруы – 2018» байқауында Қазақстан атынан сынға түспек.

Екатерина Дворецкая «Қазақстан аруы – 2018» байқауында бірінші вице-ару номинациясын жеңіп алған болатын. Дәл осы байқауда бас жүлде атыраулық бойжеткен Альфия Ерсайынға бұйырды. Әйтсе де, Альфия небәрі 16 жаста болғандықтан, әлемдік байқауға қатыса алмайды. Сондықтан, Қазақстанды таныстыру қарағандылық аруға бұйырды.

Айта кету керек, Екатерина Дворецкая 2017 жылы «Қарағанды аруы» байқауында топ жарып, кенді өлкенің аруы атанған ды. Жүлдеге берілген қомақты қаражатты балалар үйіне сыйға берген бойжеткен сұлулығымен қатар, қайырымдылығымен де танымал болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button