Қарағандыда жолдардың жөнделуі қоғамдық комиссияның қадағалуында болады

Қарағанды облысында 2018-ші жылы 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр, олардың 417 шақырымы — республикалық маңызы бар жолдар, 620 шақырымы — жергілікті маңызы бар және елді мекендердің көшелеріндегі жолдар. Өткен жылмен салыстырғанда жөндеу жұмыстары жасалатын қашықтық 20%-ға көбейді. Жол жөндеулерге барлық деңгейдегі бюджеттерден 44,6млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Ortalyq.kz Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеу туралы аппараттық жиналыста Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов мәлімдеді. 
Облысымыздың авто жолдарындағы жол жөндеу-құрылыс кампаниясы сәуір айының соңында басталған болатын. Облыстық маңызы бар жолдарды қадағалау және жөндеуге 4,4 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарындағы 3 көпірді қалыпқа келтіру жұмыстары жалғастырылады, 5 шақырым жол күрделі және 188 шақырым автомобиль трассасы жөнделеді, 33 су өткізу құбырлары жөндауден өкізіледі. Бұл жұмыстар қазан айына дейін жасалады деп жоспарлануда. 
— Елбасының алға қойған «Көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру» тапсырмасы шеңберінде республикалық бюджеттен 50 де 50 тепе-тең негізде жергілікті маңызы бар 350 шақырым жолды жөндеуге 2,1 млрд теңге бөлінді, — деп атап өтті Әскербек Халтонов. 
Бағытты трансферттер есебінен облыстық бюджеттен аймағымыздың ірі қалаларында 141 шақырым жолдар жөнделеді, оның ішінде 105 шақырым — Қарағандыда. 
Облыс орталығында Приканальная көшесінің бойынша ұзындығы 1,7 шақырым жол салынып жатыр. Ол жұмыстар 2019-шы жылы аяқталады деп жоспарлануда. Биылғы жылы Гоголь көшесі бойындағы авожолдың өткен жылы басталған күрделі жөндеуі аяқталады. 
Қарағандыда орташа жөндеумен 38 көше қамтылған, олардың үшеуінде жұмыстар аяқталды. 
Осы жылдан бастап алғаш рет кент аралық жолдарды жөндеуге кірісті. аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыстық бюджеттен бұл мақсаттарға 2,4 млрд теңге бөлінген. Жалпы есептегенде бұл қаражат есебінен 230 шақырым аудандық жолдар жөнделеді. 
— Ерекше назар жол жөндеу жұмыстарының сапасына аударылған. Бес сатылы бақылау жүйесі қолданылады, оның шеңберінде жұмыс барысы ғана емес, сонымен қатар асфальт қоспасын және пайдаланылатын материалдарды таңдау процессі қадағаланады, — деп сендірді басқарма басшысы. 
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясы құрылуда, оның құрамына жол мәселесіне немқұрайлы қарамайтын азаматтар, депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдері және «Нұр Отан» партиясының өкілдері кіреді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.