Қарағандыда жол-көлік оқиғасы көбейді

Екі тәулік ішінде Қарағандыда 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізушілер аяқ-асты күннің суытуына дайын болмаған. Салдарынан көшелерде ұзын-сонар кептеліс орын алған. Апаттардың себебі, – қашықтықты сақтамау және шиналарды жаздықтан қыстыққа ауыстырып үлгермеген. Қазіргі таңда полицейлер жүргізушілерге тез арада шиналарын аусытруға кеңес беріп, сақтық шараларына шақыруда.

Белгілі ережеге сәйкес бірінші желтоқсанға дейін көлік дөңгелегін қысқы түріне ауыстыру керек. Кеден одағы мемлекеттерінің, соның ішінде Қазақстан аумағындағы жаңа техникалық регламент бойынша қысқы дөңгелектерді жазда, жазғыларын қыста қолдануға болмайды. Өз уақытында көлік дөңгелегін маусымға сай ауыстырмағаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынады.

Коммуналдық мекемелердің барлығы бүгінгі күні алдағы қысқы маусымға тас түйін дайын. Айта кету керек, шаһардағы көшелердің жалпы ұзындығы 530 шақырым. Бүгінде коммуналдық қызмет өкілдері көктайғаққа қарсы себу үшін 26 мың тонна құм әзірлеген. Сонымен қатар,129 техника жұмылдырылатын болады.

«Қазгидромет» мамандарының сөзінше, Қарағанды облысында күн суытып, қар, кей жерлерде боран мен желдің үдеуі байқалады.

Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.