Жаңалықтар

Қарағандыда жол апатынан 4 адам көз жұмды

Кеше “Қарағанды – Молодежный” тас жолында «Hunday Tucson» көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Lada» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, «Lada» автокөлігінің 1974 жылы туылған жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, «Hunday Tucson» жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген. Қазір жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button