Жаңалықтар

Қарағандыда “Жазғы оқу қаласы” акциясы басталады

13 маусым күні Қарағанды қаласында  Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың дәстүрлі  «Жазғы оқу қаласы» акциясы басталады.  Шараның ашылуы салтанаты сағат 11.00-де кітапхана ғимаратының алдындағы алаңда өтеді.

Алаңда төрт түрлі тақырып бойынша кітап аймағы ұйымдастырылмақ. Оларға классикалық шығармалардан бастап заманауи проза мен мерзімді басылымдардағы әдеби дүниелер ұсынылады. Сонымен қатар, қатысушылар үшін өлкетану және кітап викторинасы, түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылады.  

«Оқу қаласы» жаз бойы кітапхана алдындағы алаңда сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Көшеде қойылған кітаптарды тегін алуға болады, ол үшін оқырман билеті болуы міндетті емес. Сондай-ақ, түске дейін әдеби викториналар мен зияткерлік ойындар өтеді. 
Акция барысында үйден кітап алып келіп, оларды кітапханаға тапсыруға да болады.
Қарағандыда «Жазғы Оқу қаласы» акциясы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі шараға қатысу үшін оқырмандарға жас шектеулігі қойылмайды.  

Басқа материалдар

Back to top button