Облыс әкімі

Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы шығарылды

Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы шығарылды. Жоба шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында 65 адам білімін жетілдірді.

Қатысушыларға бизнесті жүргізудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік аспектілері туралы түсіндірілді. Маркетинг, менеджмент негіздері бойынша сабақтар өткізілді. Бизнес-жоспар жасау жолдары көрсетілді.

Курс барысында әр қатысушы өзінің бизнес-жобасын әзірледі. «Бизнес-идеялар жәрмеңкесі» байқауында 12 үздік жоба іріктеп алынды. Олардың қатарында кітап кафесі, балалар кафесі, дұрыс тамақтану орталығы, зияткерлік орталық құру, жабық футбол манежінің құрылысы, мобильдік қосымшалар және тағы басқалары бар.

Идея авторлары қабылдау комиссиясының мүшелеріне өз стартаптарының тиімділігін дәлелдеді. Комиссия құрамына Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының мамандары, бизнесмендер, мемлекеттік органдар мен «Даму» қорының өкілдері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия төрт үздік жобаны таңдады. Андромед Байзыкен және Сабина Болат балалар сұлулық салоны жобасымен І орынға ие болды. ІІ орынды химиялық тазалау пунктін ашқысы келетін Айбибі Төлеуова иеленді. ІІІ орынды Камила Әлиасқарова жабық футбол манежін салу идеясымен және Артем Вишневский, Кирилл Прямоносов, Мұстафа Тәңірберген, Әділ Қанатбеков толығатын шикізаттардан қағаз өнімдерін өндіру жобасымен бөлісті.

Барлық жобалар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар мен басқа да қаржы көздерінен қолдау алу үшін ұсынылатын болады. Қалған қатысушыларға арнайы номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button