Жаңалықтар

Қарағандыда жас аспаздар сайысты

Халықаралық аспаздар күніне орай қарағанды коммерциялық колледжінде жас аспаздар арасында «Сhef`s day» сайысы өтті. Бұл шара Жастар жылы аясында Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – пайдалы тәжірибе жинап, кәсіби шеберліктерін арттыру.

Сайысқа аталған колледжде аспаздық мамандықтың қыр-сырын меңгеруші студенттер қатысты. Олар берілген аз уақыт ішінде балық, ет өнімдерінен түрлі тағамдар әзірледі. Тағамдарын қазылар алқасына таныстырып, лайықты ұпай сандарын еншіледі.

  • Аспаз – өте қиын мамандық. Олай дейтінім, сіз білетін даяшылар дайын тағамды халыққа ұсынып қана қоймай, әзірлей білуі қажет. Батыс жақта ресторан – отбасылық бизнес. Мейрамханаларда даяшылар өз қызметтерінен бөлек бірнеше функцияны қатар атқарады. Бүгінгі сайыстың біздің студенттерге берері мол. Мекемеміз жаңа техникалармен толық жабдықталған. Және тәжірибелік жұмыстар жиі атқарылады. Бұл дегеніміз – біздің студенттердің өндіріске дайын екендігін білдіреді, – дейді колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы және маркетинг жөніндегі орынбасары Антонина Степановна.

Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Эдвард Ануфред, ІІ орынды Александра Ткаченко, І орынды Сергей Котов иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар, «Сарыарқа» кинотеатрындағы бір сеансқа тегін билеттер тапсырылды.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button