Қарағандыда жаңа қоқыс жинау пункттері ашылады

Қарағанды қаласында заманауи қоқыс жинау пунктері ашылмақ. Жаңа алаңдар толығымен қоршалып, жарықтандырылады және бейне бақылау камераларымен жабдықталады. Бұл тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, бөлек жинауға және қайта өңдеуге мүмкіндік бермек. 

Жаңа қоқыс жәшіктері Майқұдықтан бастап орныталады. Қазірдің өзінде ескі қоқыс жәшіктері сүріліп, жаңаларын орнату ісі басталып кеткен. Қоқыс жинау пунктерінің орны ауысқаны туралы тұрғындарға хабарланды. Сонымен қатар, жаңа пунктерге ірі көлемді және құрылыстық қоқыстарды тастауға тиым салынады. Ондай қоқыстар бөлек шығарылуы тиіс. Жаңа қоқыс жәшіктерін «ГорКомТранс»компаниясы орнатады.