Жаңалықтар

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: балалардың денсаулығы бірқалыпты ауыр жағдайда

25 мамыр күні орталық саябақта орын алған оқыс оқиғадан жапа шеккен екі баланың денсаулығы – қазіргі таңда бірқалыпты ауыр жағдайда. Бұл туралы облыстық травматологиялық қызмет ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерик Шонбаев айтып берді.

11 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған еді. Облыстық клиникалық аурухана мен Х.Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығына түскен екі бала да реанимацияда, тиісті ем алуда.

2012 жылы туған қыз бала бас жарақаты мен іш жарақатын алған, қабырғасы сынған. Компьютерлік томография жасалды. Ұл бала да бас жарақатын, кеуде қуысының жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Оларға нейрохирург, травматолог, хирург пен балалар реаниматологының көмегі көрсетілді. Естерін жиды, дегенмен, алған шок әсерінен толығымен айыққан жоқ. Өмірлеріне төнген қауіп сейілді, – деді травматолог.

Дәрігердің айтуынша, балалардың нақты қалай жарақаттанғаны туралы дерек жоқ. Жағдайы жақсарғанда аяқ-қолы сынған балаға ота жасауды жоспарлап отыр.

Жансая ОМАРБЕК

Басқа материалдар

Back to top button