Қарағандыдағы №1 балалар музыкалық мектебі челлендж бастады

Қарағанды қаласының №1 балалар музыка мектебі «Біз біргеміз!» акиясын қолдай отырып, челлендж жариялады. Оны аталған білім ордасының қазақ халық аспаптар бөлімі бастады.

– Мектеміз қарағандылықтардың карантин кезіндегі уақытын мән-мағыналы етіп, оларға әсем музыка арқылы көтеріңікі көңіл-күй сыйлау үшін «Біз біргеміз!» акциясын қолдап, челлендж бастады. Челендждің шымылдығын қазақ халық аспаптар бөлімі түріп, эстафетаны орыс халық бөлімшесіне тапсырды. Осылай, бұл шараға барлық бөлімдер қосылады. Челленджге педагогтардан басқа жас музыканттарымыз да қатысады. Сонымен қатар, онлайн-концерттер өткізу жоспарда бар, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Әлиева.

Мұғалімдер мен оқушылар түсірген бейнероликтерді мектептің мына әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан көруге болады: (https://www.instagram.comttps://cloud.mail.ru/public).

– Қазір ел үйлерінде отырғандықтан, мектебіміз челлендж бастады. Біз күнделікті өмірімізге біраз қуаныш пен шаттық сыйлағымыз келді. Бақытты болыңыздар және бір-бірлеріңіді сақтаңыздар! – деп №1 БММ 7 сынып оқушысы Екатерина Мушкатова баршаны челленджге қатысуға шақырады.

– Ертеңге музыкамен бірге қадам басу – вирустан сақтану! Біз біргеміз! – дейді 6 сынып оқушысы Диана Қалымбекова.

– Осындай қиын уақытта бірге болу өте маңызды. Бір-бірімізді қолдап, жақындарымызға қамқорлық жасасақ, барлығын жеңеміз. Мен де челленджге қолдау көрсетіп, барлығына жақсы көңіл-күй сыйлаймын деп шештім. Пандемиямен күреске өз үлесін қосып жатқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді.

Біз – біргеміз! Жақын арада біз достарымызбен және туыстарымызбен қауышамыз, – деп өз ойымен бөлісті №1 БММ 6-сынып оқушысы Ариана Көбенова.