Жаңалықтар

Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Қарағандыда терроризмге қарсы ауқымды оқужаттығу жиыны өтті. Оған арнаулы және құқық қорғау органдарының жеке құрамы қатысты. Осылайша, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабы алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру жүзеге асырылды.

Көрнекі сурет

Оқу-жаттығу жиыны шынайы ұрысқа жақын жағдайда өрбіді. Деструктивті діни ағымның өкілдері Қарағанды әкімдігінің алдында өтіп жатқан қоғамдық іс-шара кезінде терроризм актісін жасамақшы болды.

 Аталған орынды таңдау себептерінің бірі онда полиция қызметкерлерінің көптеп шоғырлануы болып табылды. Теріс пиғылдының бірі жиналған халық арасында өзінөзі жарып, террористердің арам ниетін жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді. Бірақ, зардап шеккендер бар. Орын алған дүрбелеңді пайдаланып, бір топ жеңіл көлікпен, екіншісі жаяу қашады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабы терроризмге қарсы операция өткізу туралы дереу шешім қабылдайды. Террористерді анықтау және құрықтауға бағытталған белсенді жұмыс жүргізіледі. Оған арнаулы, техникалық және жедел бөлімшелер жұмылдырылады. Осы мезетте жеңіл көлік мінген террористер полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, біреуіне жарақат келтіреді, екіншісін кепілдікке алады. Бой тасаламақшы болған, террористер Алматы бағытына қарай бет түзейді. Жолда полиция бекеттеріне тап болған көлік тас жолдан түсіп, «Елочка» саяжай қоғамдастығы аумағына кіріп кетеді.

Бұл жерде террористер саяжайдың бірін мекен етеді. Оларды қысқа мерзімде полиция күштері қоршауға алады. Бүлікшілер өз кезегінде ірі қаражат сомасы мен Таяу Шығыс елдерінің біріне ұшып жетулерін ұй ымдастыруды талап етеді. Терроризмге қарсы операция аумағы қоршалып, айналадағы халық эвакуцияланады. Келіссөздерден нәтиже шықпағандықтан, арнаулы мақсаттағы бөлімше күштерімен саяжайға шабуыл жасалады.

– Бүгін, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабымен, шынайы ұрысқа жақын жағдайда, терроризмге қарсы оқу жаттығулар өткізілді. Терроризм актісінің алдын алу үшін арнаулы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жұмылдыру қажет болғандықтан, іс-шара барысында олардың өзара әрекеттесу тәртібі пысықталды. Терроризмге қарсы операция жүргізген кезде пайда болуы мүмкін мәселелер шешілді. Мәселен, полиция қызметкерлеріне шабуыл, террористің өзін-өзі жаруы және азаматтарды кепілге алу жағдайлары жасалды. Сонымен қатар, оқу аясында қала тұрғындары арасында терроризм актісінің қаупі және жасалған кездегі іс-қимылдары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл, қауіп төнген жағдайда қимылдау алгоритмін тұрғындардың есінде сақтауға септігін тигізіп, өздері мен жақындарын өмірлері мен денсаулықтарына қауіптен сақтануға мүмкіндік береді. Терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде халықтың арнаулы және құқық қорғау органдарға жәрдем көрсетуі мен олардың талаптарын орындау, жасалған терроризм актісін алдын алу мен оның салдарын жоюға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу жиын нәтижелері терроризмге қарсы Қарағанды облысы жедел штабының терроризм актілерін алдын алуға дайын екенін көрсетті. Кепілге түскен барлық азаматтар құтқарылып, қылмыскерлердің барлығы құрықталды, – деді терроризмге қарсы орталық бөлімшесінің бастығы Әділет Жүкенов.

 Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жүргізген кезде облыс орталығы тұрғындарын сабыр сақтап үрейге бой алдырмауға кеңес берілді.

 «Елочка» саяжайлар қоғамдастығының мүшесі Виталийдің пікірі бойынша, бұл оқу-жаттығулардың маңызы зор.

 – Қазіргі уақытта терроризм аса жоғары қауіптердің бірі болып табылады. Басқа елдерде не болып жатқанын теледидардан не ғаламтордан қараңыз, өмірін қиып өзінөзі жарып жіберушілердің әрекеттері, бейбіт халыққа шабуыл жасау орын алады. Терроризм шекараға қарамайды. Менің ойымша, ең өкініштісі, терроризм актілері кезінде еш кінәсі жоқ адамдар көз жұмады, олардың арасында балалар да бар. Бұған көз жұмып: «Оған менің қатысым жоқ, мен ондайға ешқашан тап болмаймын»,– деп жүре беруге болады. Бірақ, террористік әрекеттерге қарсы тұру үшін алдын ала дайындалған дұрыс. Сондықтан, қызметтері үшін жігіттерге мың алғыс. Әрқашан аман есен отбасыларына оралуларына тілектеспін, – дейді Виталий.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button