Жаңалықтар

Қарағандыда тасқын судың қарқыны бәсеңдеді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақта тасқын судың қарқыны бәсеңдеп келеді. Өзен-көлдердегі су деңгейі төмендеп, елді мекендерге төнген қауіп айтарлықтай сейілген. Алайда, арқаны кеңге салуға болмайды. Бұқар жырау, Абай және Нұра аудандарында су басу қаупі әлі де өзектілігін жойған жоқ.


Сәуір айының бас кезінде Самарқанд су қоймасынан су жіберу көлемі секундына 610 текше метрге дейін ұлғайтылды. Бұл үш өзеннің ортасында орналасқан Садовое ауылына қауіп төндірді. Ауылды апаттан аман алып қалу үшін ТЖД жеке құрамның 140 адамы және 35 арнайы техника жұмылдырылған. Қазір ауылдағы жағдай тұрақталды. Самарқандтан су жіберу көлемі секундына 385 текше метрге дейін азайтылып, Садовое ауылында судың деңгейі қорғаныс бөгендерінен 30-40 сантиметрге дейін төмендеді.
Облыс аумағындағы автокөлік жолдарындағы қозғалыс та қалпына келді. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жол учаскелеріне судың жайылуы тоқтады. Аймақта су тасқыны кезеңін апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жалғасуда. Республикалық, облыстық және жергілікті маңызға ие күре жолдарға кезекшілік қойылып, судың деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button