Бас тақырып

Қарағандыда әскери-патриоттық форум өтті

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, батырлардың ұрпақтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

– Отанын жүрегімен шын сүйетін адам қорғайды, оның тарихын біледі және бағалайды, оған күнделікті еңбегімен пайда келтіруге тырысады. Сіздердің әрқайсыңыз Отанымыздың үлкен бөлігіне айналуларыңызды тілеймін, – деді Абзал Нүкенов. 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және дамыту. Сонымен қатар, форум батырлар мерейтойын кең көлемде атап өту шараларын қортындылады.

– Осындай форум біздің жастарымыздың патриотизмін дамытуға көмектеседі. Біз өз Отанымызды сүюіміз керек. Сол кезде Отанымыз бізді міндетті түрде сүйетін болады, – деді Тоқтар Әубәкіров.
Батырлардың ұрпақтары форум ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың ерліктерін ұлықтағандары үшін алғыс айтты. Биыл облысымызда қос батырдың мерейтойына арналған көптеген шаралар өткен еді. 
– Біз де, болашақ ұрпақтарымыз да бейбіт күнде өмір сүру бақытын силаған батырлар алдында борыштармыз. Біз олардың ерліктерін бағалауымыз керек және насихаттауымыз керек, – деді Нұркен Әбдіровтің немере інісі Нұрлан Байтуллин.
– Біз ағамызды мақтан тұтамыз. Әкем бізге ол кісі туралы көп айтып берді. Ол нағыз патриот болған. Менің ойымша, мұндай форумдар жастардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Осы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Барлықтарыңызға батырларды ұмытпай, олардың естеліктерін құрметтейтіндеріңіз үшін рахмет айтамын, – дейді Қазбек Нұржановтың немере інісі Оралхан Нұржанов.
Форум аясында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахнада «Тоқырауын толқыны» ансамблі, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері мен әртістері, музкомедия театрының әртістері және жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетті.

Басқа материалдар

Back to top button