Бас тақырыпОблыс әкіміРесми

Қарағандыда саяси қуғын-сүргін құрбандары – ирандықтар мен чехтарға ескерткіш белгі ашылды

Қарағанды облысындағы Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу шарасына облыс әкімі Ерлан Қошанов, бірнеше мемлекеттердің: Иран, Чехия, Венгрия, Румыния, Финляндияның дипломатиялық миссия басшылары, сондай-ақ Украина елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің  ресми сайты хабарлады.

ФОТО: karaganda-region.gov.kz

– Біз мұнда жазықсыз сотталға және туған жерінен қуылған азаматтарды еске алу үшін жиналдық. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ең жаман беттер туралы жалпы еске алу. Қуғын-сүргін кезеңі тек қана жеке тұлғалардың ғана емес, сонымен қатар жалпы халықтың тағдырын сындырды,-деді Ерлан Қошанов, еске алу шарасында. 
Ол Мемлекет басшысының тоталитарлық жүйеге тап болған және жазықсыз сотталған миллиондаған адам туралы естелік – тәуелсіз Қазақстан азаматтары үшін әрқашан қасиетті болады деген сөзін еске салды. 
– Бұл естелік – қуғын-сүргін құрбандары мен болашақ алдындағы парызымыз. Өткенді түзей алмаймыз, алайда бүгін басты байлық адам мен оның құқы,ы екенін ескере, бейбітшілік және келісімде өмір сүру қажет,-деп атап өтті облыс әкімі.
Митингте қуғын-сүргін құрбанының ұлы Борис Макаров сөз сөйледі. Ол өз отбасының тарихын баяндап, өз туған жерлерінен қуылған азаматарға қазақ жерінен екінші отан берген, оларға қиындықтарды жеңуге көмектескен қазақтарға алғысын айтты. 
Жалпы еске алу шарасынан кейін мұсылман, православ және католик дін басыларының қатысуымен жаңа екі: қуғын-сүргін құрбандары – ирандықтар мен чехтарға ескерткіш белгілер ашылды.
Николай Ежов СССР-дің барлық республикалары бойынша ішкі істер ұлттық комиссариатына 1938-ші жылдың 29-шы қаңтарында «Иран операциясы» туралы Ішкі істер ұлттық комиссариаты директивін жіберген. Тарихшылардың куәгерлігі бойынша 13 мыңнан астам адам сотталған, оның 2000-нан астамы атылған. 
– Қазақстанға барлық кеңес одағы мен шекаралар аумақтардан ирандықтар жөнелтілді. Олардың көбісі оңтүстік аймақтарда қалған. Бүгінге Қазақстанда бес мыңға жуық ирандық өмір сүруде. Естелік қалдыру мақсатында біз осы белгіні ашып отырмыз. Сарв ағашы шыдамдылықты, жігерлікті және мейірімділікті білдіреді. Бұл дегеніміз – біздің отандастарымыз қиындықтарды болашаққа сеніммен қарап жеңгенін білдіреді,-деді Иран елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу. 
Қазақстандағы жалғыз иран мәдениет орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ескерткіш белгінің ашылу салтанатына орталық жетекшісі Капар-Пур Нуребек келді. 
Сол сияқты чех ескерткіш белгісінде де символдық ағаш – жөке ағашы сенім мен үміт белгісі ретінде қойылған. Оның авторы чех мүсіншісі Дагмар Шубертова. 
– Бүгін біз туған жерлерінен жазықсыз қуылған чех азаматтары алдындағы өз борышымызды орындап отырмыз. Біздің мұрағаттық мәліметтеріміз бойынша, бұрынғы Чехословакияның 25 мыңнан астам азаматы кеңестік қуғын-сүргін лагерлеріне жөнелтілген, олардың арасында чехтар, словакия азаматтары, еврейлер, венгриялықтар мен немістер бар. Олардың жартысы қаза болды,-дейді Чехия елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жигова.-Бұл ескерткіштің ашылуын біз саяси қуғын-сүргін құрбандары мен қатаң режим тарапынан зардап шеккен азаматтарды еске алуға арнаймыз. 
Дипломатиялық миссия басшысы түрлі ұлт өкілдерінің қайғылы тағдырлары туралы естеліктерді сақтауғаны үшін Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына алғысын білдірді. 
Спасск мемориалдық кешені әскери тұтқындар жерленген жерде орналасқан. Спасск ауылында 1930-50-ші жылдары КСРО ІІМ -Ішкі істер халық комиссариатының бөлімшесі, сондай-ақ әскери тұтқындар жер аударылған шетелдік азаматтардың лагері орналасқан. Мұрағат деректері бойынша, бұл жерде 50-ден астам ұлттың бес мыңға жуық тұтқындары жерленген.
Спасск мемориалдық кешенінде алғашқы естелік белгісі 1987 жылдан бастап орнатыла бастаған. Қазір олардың саны 28.
ҚР Президентінің 1997-ші жылдың 5-ші сәуіріндегі № 3443 Жарлығымен Қазақстанда 31-ші мамыр Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button