Жаңалықтар

Қарағандыда отызға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қарағандыда жол қозғалысы қиындады. Өткен тәулікте  отызға жуық жол-көлік оқиғасы  тіркеген. 

18 сәуір күні «Қарағанды-Теміртау» автожолында  «SsangYong» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Toyota» және «Lada Priora» маркалы екі көлікті соққан.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан «SsangYong» автокөлігінің бір жолаушысы және «Lada Priora» көлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ЖП баспасөз қызметінің дерегінше, облыс аумағында тіркелген барлық жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандар жоқ. Көлік апаттарының басым бөлігі ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған. Полицейлер жүргізушілерге жол ережелерін сақтауды және ауа райы нашарлаған кезде барын  сақ болу керектігін ескертеді.    

 

Басқа материалдар

Back to top button