Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Майқұдықта ашылған жаңа амбулаторияның жұмысымен танысты. Отбасылық денсаулық орталығы екі ауысымда жұмыс істейді. Медициналық мекеме бір ауысымда 100 адамды қабылдауға лайықталған. Жоспар бойынша, орталық 20 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетуі тиіс. Бұл Көгілдір тоғандар ықшамауданында орналасқан №4 емхананың жүктемесін азайтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған. Бұл жерде науқастарға бір терезе әдісі бойынша қызмет көрсетіледі. Мекеме толықтай заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Ем қабылдаушылар дәрігердің қабылдауына онлайн жазыла алады.

Басқарма басшысының айтуынша, ақылы қызмет түрлері қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсірмейді. Медициналық қызмет түрлерінің бағасы облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан реттеледі.

Басқа материалдар

Back to top button