Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда қоғамдық көліктер жаңаруда

Соңғы апта мұғдарында Қарағанды қаласында қоғамдық көліктердің қатары жаңарды. Дәлірек айтқанда, бүгінгі таңда облыс басшылығының пәрменімен №3 автопарктің сатып алған 75 автобусының қырығы жолаушы тасымалына шыққан-ды. Кез келген адамға қолайлы, едені аласа, жарымжан жандардың түсіп-мінуіне ыңғайлы автобус еуростандарттарға сай.

Автобустың сыртында батырма бар. Сол арқылы мұқтаж жан жүргізушіні немесе кондукторды көмекке шақыра алады. Сондай-ақ, автобустар Арқаның ауа райына төтеп береді.

Автобуста жаңалық көп. Мұнда жүргізуші кабинасы бөлек. Ешкім кедергі келтірмейді. Алты бірдей бейнекамерамен жабдықталған. Ол камераның біреуі бейнерегистратор міндетін атқарады. Ондағы жазбалар бірнеше күн сақталатын болады.

 Автобустағы орындықтардың түсі – көк. Ал, қызыл орындықтар мүгедек, қария, аяғы ауыр әйелдерге арналған. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайды. Бұл жүргізушілердің шамадан тыс жылдамдықты арттыруына жол бермейді. Мұндай шара – қауіпсіздіктің басты шарты. Жаңа автобустар №43, 53, 118, 145, 5, 70 бағыттарында жолаушы тасымалдамақ.

Жалпы, Қарағанды қаласында екі жыл аралығында барлық автобустар жаңаруы тиіс. Облыс басшылығы жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға осындай талап қойып отыр.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button