Жаңалықтар

Қарағандыда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтті

Қарағандыда қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтті. Оған өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысып, бақ сынады.

Шараның  мақсаты – қазақ тілін еркін меңгерген мемлекеттік қызмет мамандарын анықтау және ынталандыру. Осылайша, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ресми органдарда қолдану аясын кеңейту.

Байқау төрт кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, «Сыр сандық» кезеңінде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал, «Қазақша оқы, latynsha jaz» кезеңінде латын әліпбиін қаншалықты меңгергендерін аңғартып, «Ісқағаздар сөйлейді» кезеңінде құжатты қазақ тілінде дұрыс толтырудың үлгісін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, байқауға қатысқан 14 команданың ішінен Қарағанды облыстық білім басқармасының атынан сынға түскен «Ұлағат» командасы Бас жүлдені иеленді.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button