Жаңалықтар

Қарағандыда мектептер мен балабақшаларды толық жөндеуге 838 миллион теңге бөлінді

Қарағандыда 25 мектеп мен балабақшаларды толық жөндеу үшін 838 миллион теңге бөлінді. Биылғы жазда 31 білім нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.


Толық жөндеу жұмыстары кезінде қаламыздың мектептері мен балабақшаларында шатыр, терезе ауыстырылып, қасбет боялады және оқу аудиториялары мен ас әзірлейтін бөлімдер, санитарлық торап пен спорт залдар қалыпқа келтіріледі. Көптеген ғимараттарда жұмыстар басталды. 
Жөндеу жұмыстарының барысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов танысты. Ол №3 гимназия мен №57 орта мектепте болды. 
– Толық жөндеу жұмыстарын біз кезең бойынша жүргіземіз. 2017-ші жылы бастадық, қазір жалғастырып жатырмыз, 2019-шы жылы аяқтаймыз деп жоспарлаудамыз. Себебі,барлық жұмыстар 15-ші тамызға дейін аяқталулары тиіс. Барлығын үлгеру үшін жөндеу жұмыстарын екі кезеңге бөлдік,-деді қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская. 
№57 орта жалпы білім беру мектебінде жөндеу жұмыстары кесте бойынша 1-ші маусымда басталды. Дегенмен, мердігер оқу орны әкімшілігіне ұсынысы бойынша мектеп қасбетін 25-ші мамырда өткен соңғы қоңырау мерекесіне дейін бояды. Аладай Ерлан Қошанов жұмыстардың сапасыз жасалғанына назар аударды.
– Қасбетті асығыс бояған. Барлығын қайта жасау керек, бұлай болмайды! Қабілдау актісіне кім қол қояды? Бұлай жұмысты қабылдауға болмайды,-деді өңір басшысы. 
Бұған жауап ретінде мердігерлер жаз саңына дейін қасбет қайта боялады деді.
Барлығы Қарағандыда 130 білім мекемесі бар: 70 мектеп, 41 балабақша және 10 мектептен тыс ұйым. 0 мен 18 жас аралығындағы балалар саны – 105 623.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button