Жаңалықтар

Қарағандыда мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Ішкі істер министрлігінің 1 шілдеде жаңа веб-модульді іске қосуына байланысты Қарағандыда мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы хабарлады.

Жаңа веб-модульдің іске қосылуы мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс ырғағының  бұзылуына алып келді. Сондықтан да, Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы ұзын-сонар кезекті азайту мақсатында бірқатар шараларды қабылдады. Атап айтқанда, ХҚКО-да құжаттарды қабылдау бойынша жұмыс орындарының саны артты, портал арқылы автокөлікті тіркеу және egov.kz жүйесі бойынша  өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді ресімдеу үшін қосымша кеңесшілер  бөлінді. Көрсетілетін қызметті алушыларға тегін ауыз су мен салқын сусын таратылуда. Мамандандырылған ХҚКО соңғы клиентке дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған  ХҚКО-ның жұмысы ҚР ІІМ ақпараттық жүйені орнатқаннан кейін бір жолға қойылады.

Басқа материалдар

Back to top button