Жаңалықтар

Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында карантинде жатқан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар індет жұқтырған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Облыс аумағында инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 65 адамға жетті. Олардың ішінде 1 адам көз жұмған. Ал, 1 адам сырқаттан жазылып, кеше ауруханадан шығарылды.

Қазіргі таңда стационарлық карантинде 725 адам жатыр. Ал, 1643 адам үй карантинінде. 

Басқа материалдар

Back to top button